Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында Әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарыс аясында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.
50 метрден мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков топ жарды.
Сондай-ақ 25 метрден тапаншамен атудан Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 27 сәуірге дейін жалғасады.