Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем кубогінің алғашқы кезеңінде қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов (70 кг) 1/8 финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз бұл кезеңде 2021 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзавамен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жек нәтижесінде төрешілердің шешімімен (3:2) жеңіс Фарух Тоқтасыновқа берілді.
Осылайша, қазақстандық боксшы жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Айта кетейік, World Boxing әлем кубогінің алғашқы кезеңі 20-26 сәуір аралығында өтеді. Бұл додада Қазақстан құрамасы 16 боксшымен (9 ер, 7 әйел) бақ сынап жатыр.