Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

/
Екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Ибрагим Магомадов

Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының екі балуаны жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

82 келі салмақ дәрежесінде Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін белдесуде қытайлық Жуй Люден басым түсіп, кездесуді 5:3 есебімен аяқтады. Осылайша тәжірибелі балуан Азия чемпионаттарындағы бесінші жүлдесіне қол жеткізді. Бұған дейін ол құрлық біріншіліктерінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған.

Сондай-ақ 97 келіде Ислам Евлоев те үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды. Ол Оңтүстік Корея спортшысы Минхо Лимен өткен белдесуде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматбек Аманбек (72 кг) Азия чемпионы атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлдеге ие болған еді.

Ал ертең чемпионаттың келесі жарыс күнінде әйелдер күресінен Марал Тәңірбергенова мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола медаль үшін күреседі. Сонымен қатар бозкілемге тағы бес қазақстандық балуан шығады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары