Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісімен кездесті

/
Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісімен кездесті
Ақорда

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән беретінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері, Сауд Арабиясының Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың екі елдің сан қырлы ықпалдастығын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті.

– Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман – шын мәнінде, жаһандық ауқымдағы мықты әрі беделді көшбасшы. Оның өз Отанын өркендетуді көздейтін көреген әрі прогрессивті стратегиясы, сондай-ақ халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде атқарған рөлі ең жоғары баға мен құрметке лайық, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салманды Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын растады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары