Кирилл Курдиди велотректен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

/
Кирилл Курдиди велотректен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

​Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатының шешуші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлер арасындағы 1 шақырым бәсекеде Кирилл Курдиди сары құрлық чемпионы атанды.

Жүлдегерлер мынадай:

1. Кирилл Курдиди (Қазақстан) - 59.915 секунд.

2. Хан Ксие (Қытай) - 59.929

3. Риото Ичида (Жапония) - 1:00.614.

​Айта кетейік, бұл - Тагайтайдағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы иеленген алғашқы алтын медаль. Осыған дейін элита санатында өнер көрсеткен отандық велошабандоздар 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары