Қытай билігі қайтыс болғандарды пәтерде жерлеуге тыйым салынды

/
Қытай билігі қайтыс болғандарды пәтерде жерлеуге тыйым салынды
сурет: Financial Times

Қытай билігі 31 наурыздан бастап азаматтарға қайтыс болған туыстарының күлін пәтерлерде сақтап, жерлеуге ресми түрде тыйым салды. Бұл шешім елде соңғы жылдары кең тараған ерекше тәжірибеге пәтерді "отбасылық зират" ретінде пайдалануға байланысты қабылданды, деп хабарлайды turkystan.kz Financial Times-ке сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, Қытайда "күлге арналған пәтерлерді" сатып алу үрдісі қалыптасқан. Көптеген отбасы жылжымайтын мүлікті марқұмдардың күлі сақталатын орын ретінде пайдаланған. Мұндай құбылысқа екі негізгі фактор әсер етті: 2021 жылдан бері жалғасып келе жатқан жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс және халықтың қартаюы. Мәселен, 2025 жылы елде 11,3 млн адам қайтыс болып, небәрі 7,9 млн бала дүниеге келген.

Сонымен қатар, кей жағдайда пәтер сатып алу қалалық зираттан жер учаскесін алудан да арзанға түскен. Сараптамалық деректерге сәйкес, Қытай жерлеу рәсімінің құны бойынша әлемде екінші орында тұр: орташа шығын - 37,4 мың юань, бұл жылдық табыстың шамамен 45 пайызына тең.

Синьи Ву бұл құбылысты тұрғын үйдің әлеуметтік рөлінің өзгеруімен түсіндіреді.

Оның айтуынша, "кеңістік өмір сүру құндылығын жоғалтқанда, адамдар оған жаңа мағына береді".

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары