Қазақстандық баскетболшы қыздар U18 Азия кубогіне жолдама алды

/
Қазақстандық баскетболшы қыздар U18 Азия кубогіне жолдама алды
olympic.kz

Астанада 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу турнирі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталық Азия елдері арасындағы іріктеуге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты.

Біздің команда алғашқы ойында Қырғызстанды 75:34 есебімен жеңді. Шешуші кездесуде қазақстандықтар Өзбекстаннан басым түсті — 89:41.

Осылайша, Қазақстан бірінші орынды иеленіп, биылғы жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алды.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары