Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Закопане қаласында (Польша) өтіп жатқан Orlen Cup халықаралық турнирінде үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алтын медальді Сергей Ткаченко иеленді. Қазақстандық спортшы ересектер арасында өткен жарыста топ жарды.
Даниил Калинкин U21 санатында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ Артем Мешков 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін жасөспірімдер санатында Керейхан Қабдулла бірінші орынға, ал Александр Филоненко үшінші орынға ие болған еді.