Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі турнирді жүлдесіз аяқтады

/
Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі турнирді жүлдесіз аяқтады
olympic.kz

Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан Grand Slam ірі халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлде ала алмады.

Финалдық кезеңге дейін тек Ерасыл Қажыбаев жетті. Ол 100 келіден жоғары салмақта қола медаль үшін белдесті.

Алайда жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Қазақстандық балуан әзірбайжандық Джамал Гамзатхановқа жол берді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың келесі жарысы 6-8 наурыз аралығында Австрияда өтетін Гран-при турнирі болмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары