Қазақстанның екінші, әлемнің 79-ракеткасы Алеаксандр Шевченко Дубай ATP 500 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды kazinform.
Іріктеуде 5-ракетка болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін рейтингіде 136-сатыдағы грузиялық Николоз Басилашвилимен өткізді.
Бірінші партияда Шевченко тай-брейкте бет қаратпады – 7:6 (7:1).
Екінші сетте 6:4 есебі тіркелді.
Бір сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Шевченко 11 эйспен бірге 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Басилаишвили 14 эйспен көзге түсті.
Александр Шевченко енді іріктеу сайысының финалындағы қарсыласын жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Дубайда 23-28 ақпанда өтетін ATP 500 турнирінің жеребесі тартылды. Онда әлемдік рейтингіде 7-орында тұрған канадалық Феликс Оже-Альяссим доданың 1-ракеткасы болып тіркелген. Ал әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық Александр Бублик екінші нөмірмен бәйгеге қосылмақ. Ол алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.