Елордада алғаш рет кураштан әлем чемпионаты өтеді

/
Елордада алғаш рет кураштан әлем чемпионаты өтеді
Спортты дамыту дирекциясы

7-8 қараша күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер арасында кураш күресінен XV әлем чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлемдік додаға 50-ден астам елден 500-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан командасы жарысқа 16 балуанмен қатысады. Ел құрамы 2026 жылғы Қазақстан және Азия чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталған.

Бас бапкер – Ғұмар Қырғызбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары