Алаяқ Қызылорда тұрғынынан 6 млн теңге алып кеткен

/
Алаяқ Қызылорда тұрғынынан 6 млн теңге алып кеткен
istockphoto.com

Алаяқтық ісі Сырдария аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талапкер өзінің интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын, азаматтық-құқықтық қатынастардың жоқтығына қарамастан, жауапкерге ақша аударғанын көрсеткен.

Сотта талап қоюшы жіберген ақшаның жауапкердің шотына түскені банк құжаттарымен расталып, тараптардың бір-бірімен таныс болмағаны және жауапкер ақшаны қайтару бойынша шара қолданбаған және қаражатты заңды негізде алғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынбаған.

Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына  6 000 000 теңге негізсіз баю сомасы, өкілдің қызметіне кеткен шығын 60 000 теңге және мемлекеттік баж өндіру туралы шешім шығарды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары