Қосшыда үш бала газдан уланды

/
Қосшыда үш бала газдан уланды
istockphoto.com

Ақмола облысында кәмелетке толмаған үш бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

5, 10 және 1 жастағы үш бала жеңіл дәрежеде көмірқышқыл газынан уланған. Ауруханаға бара жатқан жолда олардың анасының да жағдайы нашарлап, оған да улану диагнозы қойылған.

Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жіберілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, отбасы мүшелерінің жағдайы тұрақты. Тексеруден кейін барлығы үйлеріне жіберілді.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Құтқарушылар жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары