Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

16 ақпанда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеожағдай Өскемен, Семей және Риддер қалаларында болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – бұл желдің болмауы, әлсіз жел, тұман, ауа инверсиясы сияқты қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал. Ауа ластануы деңгейінің қалыптасуына жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы секілді синоптикалық жағдайлар әсер етеді.

Қолайсыз метеожағдай кезінде:

ашық ауада, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерде болу уақытын қысқарту;

балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

өкпе, жүрек-қантамыр және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру;

ашық ауада дене жүктемесін шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары