«Қанша әйел алсаң да, бала сүйе алмадың»: Жахан Отарғалиев өзіне ең қатты әсер еткен сөз туралы айтты

/
«Қанша әйел алсаң да, бала сүйе алмадың»: Жахан Отарғалиев өзіне ең қатты әсер еткен сөз туралы айтты
Видеодан скриншот

Танымал актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев жүрегіне ең қатты тиген ауыр сөз туралы сұхбат барысында айтты, деп жазады turkystan.kz.

Актердің айтуынша, әке бола алмай жүргеніне ұзақ уақыт өтсе де, ол Құдайдан үмітін үзбеген.

Осы орайда, өзіне ең қатты әсер еткен сөз — «Қанша қатын алсаң да тудырта алмадың ғой» деген ауыр сөз болғанын жеткізді.

Сондай-ақ ол ораза айында Меккеге барғанын айтып, сол кезде аталған сөзді айтқан адам үшін кешірім сұрағанын баяндады.

«Раббым, ол адам менің жағдайымды білмей айтқан шығар, кешірші. Кешірші ол адамды. Ұрпағына зияны тиіп кетпесінші деп тіледім. Бір-бірімізбен дүние үшін, басқа болмашы заттар үшін қырылып жатамыз. Оның не керегі бар? Бір-бірімізге сіл болсын, мейірімді болайықшы», — деді әзілкеш.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары