«Жиһаз жасаймын»: Ақтөбе тұрғындарынан 3 млн теңге алған алаяқ ұсталды

/
«Жиһаз жасаймын»: Ақтөбе тұрғындарынан 3 млн теңге алған алаяқ ұсталды
istockphoto.com

Ақтөбеде жиһаз жасаймын деп ақша алған күдіктінің 15 дерекке қатысы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жиһаз жасап беремін деген желеумен азаматтардың ақшасын иемденді деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті тапсырыс берушілердің бірінен жиһаз дайындау сылтауымен 3 миллион теңгеден астам ақша алған.

Сонымен қатар оның осыған ұқсас тағы 15 дерекке қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша істің барлық мән-жайын анықтау және ықтимал зардап шеккендерді анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды жиһазға және басқа да қызметтерге тапсырыс беру кезінде сақ болуға шақырады. Келісім жасамас бұрын орындаушының беделін тексеріп, жұмыс мерзімі, құны мен төлем шарттары көрсетілген жазбаша шарт жасасу қажет. Сондай-ақ ақшаның берілгенін растайтын түбіртектер мен өзге де құжаттарды сақтау маңызды. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда полицияға дереу хабарлау ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары