Қазақстандық балуан әлем чемпионатында Олимпиада жүлдегерін жеңіп, қола медаль алды

/
Қазақстандық балуан әлем чемпионатында Олимпиада жүлдегерін жеңіп, қола медаль алды
United world wrestling

Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Отандасымыз шешуші белдесуде Париж Олимпиадасының жүлдегерін тізе бүктірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

27 қазанда елордада өткен әлем біріншілігінде 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бағдат Сабаз Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.

Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Әзербайжан өкілі Хасрат Джафаровпен кездесті.

Айта кетейік, Джафаров – 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Сондықтан бұл кездесу Бағдат Сабаз үшін маңызды әрі жауапты сынақ болды. Алайда қазақстандық балуан атақты қарсыласынан қаймыққан жоқ. Тартысты өткен белдесуде Сабаз 8:5 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бағдат Сабаздың бұл медалі Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасы үшін әлем чемпионатындағы үшінші жүлде болды. Бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Исхар Құрбаев пен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Айдос Сұлтанғали қола медаль иеленген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар