«40-50 көрерменнен бастадық»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жыл бұрынғы концерті туралы айтты

/
«40-50 көрерменнен бастадық»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жыл бұрынғы концерті туралы айтты
Әлеуметтік желіден

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші ұлы Қайраттың өнер жолының алғашқы кезеңін еске алып, бүгінгі жетістіктеріне шүкіршілік етті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында 20 жыл бұрынғы концерттер мен қазіргі көрермендер саны туралы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын Қайрат Нұртастың концерттеріне небәрі 40-50 адам жиналған. Ал бүгінде әнші әр қалада мыңдаған тыңдарманының алдында өнер көрсетіп жүр.

Продюсер қазіргі жетістіктерін атап өтіп, ұлының өнер жолына қолдау білдірген көрермендерге алғысын жеткізді.

«20 жыл бұрын міне осылай 40-50 көрерменнен бастағанымыз, көпшіліктің есінде шығар.

Аллаға сансыз шүкірлер, қазіргі таңда, шет елден келген әншілер жинай алмаған 40-50 мыңнан аса көрермендерімізге күнара, әр қалада концерт беріп, халықтың батасын алып жатқанымызға шүкір-шүкір, шүкір Алла!

Ұлыма бір Алла жар болсын!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар