«Жиырма үй алатындай ақшам болған»: Рамазан Амантай баспанасыз жүргенін айтты

/
«Жиырма үй алатындай ақшам болған»: Рамазан Амантай баспанасыз жүргенін айтты
Фото: видеодан скриншот

Танымал актер Рамазан Амантай осы уақытқа дейін баспана сатып алуға жететін қаражаты болғанын, алайда ақшаны дұрыс жұмсай алмағанын айтты. Өнер иесі қаржысын орынсыз шашатынын мойындап, өкінішін де жасырмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актер бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін жиырма үй сатып алуға жететін ақшасы болуы мүмкін. Алайда қаражатын жинап, баспана алудың орнына орынсыз жұмсаған.

Рамазан Амантай әйелінің ақшаны үнемдеуге қатысты айтқан кеңестеріне де құлақ аса бермейтінін жеткізді. Сондай-ақ ол қаржысын әйеліне сеніп тапсырмай, өзінде ұстайтынын және оны қажетсіз нәрселерге жұмсайтынын мойындады.

«Жиырма үй алатындай ақшам болған шығар осы күнге дейін. Бірақ ақылым болмапты. Әйелім айтпайды емес, айтады. Мен бой бермеймін. Ақшаны әйелім жинайтын шығар деп ойлайтын шығар, бірақ ақша өзімде болады. Ешқандай жағдайда оған бермеймін. Өзімде ғана болады. Мен далаға шашамын», – деді актер.

Өнер иесі өзінің қаржылық қателіктеріне куә болған жақындары бар екенін айтып, өткенін еске алғанда көзіне жас алғанын да жасырмады.

«Көп ақымақтығыма куә бауырларым бар. Соның барлығын есіме түсіріп, жылап жібердім», – деді Рамазан Амантай.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар