Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді

/
Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді
Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.

Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары