Әлемді тегін аралаған: Канада азаматы 4 жыл бойы өзін ұшқышпын деп алдап келген

/
Әлемді тегін аралаған: Канада азаматы 4 жыл бойы өзін ұшқышпын деп алдап келген
сурет: Facebook

33 жастағы канадалық Даллас Покорник бұрын бортсерік болып жұмыс істеген, бірақ кейін жұмысынан босатылған соң өз құжаттарын жалғандап, пилот ретінде ұшып жүргендей көрсетіп, үш әуе компаниясынан жүздеген тегін билет алған деп айыпталды, деп хабарлайды turkystan.kz The Independent-ке сілтеме жасап.

Гавай федералдық соты былтыр Покорникті алаяқтық (wire fraud) бойынша айыптап, Панамада ұстады. Ол АҚШ-қа экстрадицияланған соң кінәсізбін деп мәлімдеді.

Сот құжаттары бойынша, Покорник 2017–2019 жылдары Торонтодағы авиакомпанияда бортсерік болып жұмыс істеген. Кейін сол компанияның жалған қызметкер куәліктерін пайдаланып, әдетте әуе компаниясының персоналына арналған билеттерді алған. АҚШ прокуратурасы оның кейде «jump seat» – ұшқыштар демалыста болғанда отырған қосымша орынға да отыруға өтініш жасағанын хабарлады. Сот құжаттарында ол шынымен ұшақтың кабинасында отырды ма, жоқ па, нақты айтылмаған.

Бұл схема төрт жыл бойы жалғасқан. Сот Покорникті қамауда ұстауды міндеттеді, ал оның қорғаушысы түсініктеме бермеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары