Ең көп шұлық жинаған тележүргізуші Гиннестің рекордтар кітабына енді

/
Ең көп шұлық жинаған тележүргізуші Гиннестің рекордтар кітабына енді
сурет: guinnessworldrecords.com / коллаж: turkystan.kz

АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы CBS арнасының танымал тележүргізушісі Джим Донован ерекше хоббиінің арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол 1 531 жұп шұлық жинап, әлемдегі ең ірі шұлық коллекциясының иесі атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Донован эфирге жылдар бойы көзге бірден түсетін, ерекше суреттері бар шұлықпен шығып жүрген. Үйрек бейнесі, пицца, скейтборд мінген динозаврлар оның тікелей эфирдегі стиліне айналған. Уақыт өте көрермендер жүргізушінің бұл әдетін байқап, оған әлемнің түкпір-түкпірінен шұлық жібере бастаған. Тіпті кейбір жанкүйерлер оның өз беті бейнеленген шұлықтарды да жолдаған.

«Көп адам маған өз суретім басылған шұлық жіберді. Иә, сәл оғаш естіледі», – деп әзілдеді Донован Гиннестің рекордтар кітабына берген сұхбатында.

Рекорд оның зейнетке шығуымен тұспа-тұс ресми түрде тіркелді. Гиннестің өкілдері коллекциядағы 1 531 жұптың бәрі бір-біріне ұқсамайтынын растаған.

Джим Донованның айтуынша, Гиннестің рекордтар кітабына ену оның бала кезден бергі арманы болған.

«Сегіз жасымда ата-анам осы кітапты сыйлаған. Сонда-ақ бір күні осындағы рекордтардың бірін жаңартсам ғой деп ойлайтынмын», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары