Жапон ғалымдары нәжісті талдай алатын дәретхана ойлап тапты

/
Жапон ғалымдары нәжісті талдай алатын дәретхана ойлап тапты
сурет: istockphoto.com

Жапонияның сантехника өндірушісі Toto Ltd. денсаулығына мән беретін адамдарға арналған, нәжісті автоматты түрде талдайтын унитаздарды таныстырды. Жаңа технологияның іске қосылғаны туралы Kyodo агенттігі хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңалық премиум санаттағы екі модельге енгізілген. Унитаздың ішіне жарықдиодты жүйесі бар арнайы сенсор орнатылған. Ол пайдаланудан кейін нәжісті автоматты түрде сканерлеп, оның пішінін, көлемін және түсін бағалайды. Барлық өлшеулер қолданушының ешқандай әрекетінсіз жүргізіледі.

Жүйе нәжістің пішіні мен тығыздығын жеті санатқа бөліп жіктейді: бұл медицинада ішек жұмысының жағдайын бағалау үшін қолданылатын шкалаларға ұқсас. Ал көлемі мен түсі үш деңгей бойынша тіркеледі. Жиналған деректер смартфондағы арнайы қосымшаға жіберіліп, пайдаланушы көрсеткіштердің уақыт өте қалай өзгеріп жатқанын бақылай алады.

Қосымша сонымен қатар өмір салты мен тамақтануға қатысты қарапайым кеңестер ұсынады. Мысалы, іш қатудың белгілері байқалса, көкөністер мен тағамдық талшықтарды көбірек тұтынуға кеңес береді. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл технология диагноз қоюға арналмаған, алайда ас қорыту жүйесіндегі өзгерістерді ертерек байқауға көмектесуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары