Балқашта жоғалып кеткен балықшы табылды

/
Балқашта жоғалып кеткен балықшы табылды
Видеодан скриншот

Балқаш көлінде балық аулауға шыққан ер адам жоғалып кеткен. Құтқарушылар оны түнде жағадан 24 километр жерден тапты, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңертең ер адам Қарағанды облысы Приозерск қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Балқаш көлінің акваториясына моторлы қайықпен балық аулауға шығып, қайта оралмаған.

Хабарлама түскен бойда іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, оған ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

"Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары ер адамды көл акваториясынан, жағалаудан 24 шақырым қашықтықта тапты. Белгілі болғандай, балық аулау кезінде моторлы қайықтың қозғалтқышы істен шығып, ер адам өздігінен жағаға жете алмаған", - дейді ТЖМ өкілдері.

Ол жағаға жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары