Ақмола облысында тұмауға байланысты бір аптада 6 мыңға жуық жедел жәрдем шақыртылды

/
Ақмола облысында тұмауға байланысты бір аптада 6 мыңға жуық жедел жәрдем шақыртылды
istockphoto

Ақмола өңірінде бір апта ішінде жедел жәрдем 5,8 мың рет шақырту алған.

13-19 қараша аралығында облыстық жедел медициналық жәрдем қызметіне 5 797 шақырту түсті. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 426-ға көп, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

"Шақыртулардың негізгі себебі – тыныс алу ағзаларының аурулары. Осы кезеңде 1 556 шақырту тіркелді, оның ішінде ЖРВИ бойынша 1 156 шақырту болды", - делінген хабарламада.

Жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты 1 047 шақырту, жарақаттар мен жазатайым оқиғалар бойынша 440 шақырту түскен. 18 жасқа дейінгі балаларға 1 513 шақырту тіркелген, оның 609-ы ЖРВИ-мен байланысты.

Дәрігерлер маусымдық ауа райының өзгеруіне байланысты денсаулыққа немқұрайлы қарамауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары