Шығыс Қазақстанда жеткіншек мұз астына түсіп кетті

/
Шығыс Қазақстанда жеткіншек мұз астына түсіп кетті
istockphoto

Шығыс Қазақстанда жеткіншек мұз астына түсіп кетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқыс оқиға облыстың Алтай қаласында болған.

"Курчатов көшесі маңындағы батпақты учаскеде 2017 жылы туған кәмелетке толмаған бала мұз астына түсіп кеткен", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар оны судан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары