Танымал миллионер Ресейде тікұшақ апатынан қаза тапты

/
Танымал миллионер Ресейде тікұшақ апатынан қаза тапты

Ресейдің Пермь өлкесінде жеке тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы өңір бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бардым ауданында “Ашатли-парк” демалыс базасының аумағында жеке тікұшақ құлап түсті. Өкінішке қарай, тікұшақ апаты салдарынан екі адам қаза тапты», – делінген ақпаратта.

Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, Пермь өлкесіндегі жеке тікұшақ апатынан “Таттранском” компаниясының құрылтайшысы Ильяс Гимадутдинов және осы фирманың автоколонна басшысы Эльмир Коняков қаза болған. Арнаның алдын ала мәліметіне қарағанда, ұшу кезінде қозғалтқышқа мұз қатқан болуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары