Қыста далада белсенді болу спортзалдағы жаттығулардан кем түспеуі мүмкін. Соның бір дәлелі — қарапайым аққала жасау. Бұл тек қысқы көңіл көтеру емес, толыққанды орташа қарқындылықтағы физикалық жүктеме, дейді ресейлік LEVITA халықаралық балет және созылу студиялары желісінің аға жаттықтырушысы Акулина Бахтурина, деп хабарлайды turkystan.kz gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, бір сағат бойы аққала жасау шамамен 300 килокалорияға дейін тастауға мүмкіндік береді. Бұл кезде аяқ, қол, арқа бұлшықеттері бірдей жұмыс істейді: еңкею, отырып-тұру, қар күреу секілді қозғалыстар жасалады. Бұған қоса, суық ауа райының өзі энергия шығынын 5-15 пайызға арттырады, өйткені ағза жылуды сақтауға қосымша күш жұмсайды.
Осы тұрғыдан алғанда, аққала жасау тиімділігі жағынан залдағы жаттығулармен бәсекелесе алады. Яғни, қарлы аулада өткен бір сағат тек көңіл күйді көтеріп қана қоймай, денсаулыққа да пайда әкеледі.