Қызылордада мұғалімдерге 177,5 млн теңге жалақы төленбеген

/
Қызылордада мұғалімдерге 177,5 млн теңге жалақы төленбеген
istockphoto.com

Қызылорда қаласының прокуратурасы жеке мектептің 190 қызметкеріне жалақы бойынша 142 млн теңгені құрайтын берешекті толық өтетуге қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төленетін ақшаның уақтылы әрі толық төленбеу фактілерін анықтады.

Соның салдарынан білім беру ұйымының 190 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқан.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде азаматтардың бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды. Нәтижесінде 142 млн теңге көлеміндегі берешек толық өтелді.

Жалпы, биыл Қызылорда қаласының прокуратурасы 1 998 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғап, 177,5 млн теңге өндіріп алды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары