Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев дүниеден озды

/
Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев дүниеден озды
ҚазҰМУ

5 қарашада фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Кеңесбай Үшбаев 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеңесбай Үшбаев 1983 жылы фармацевтика ғылымдарының докторы атанған тұңғыш қазақ әрі Орталық Азиядағы алғашқы ғалым болды. Ол Қазақстандағы фармацевтика ғылымын, білім беру ісін және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Ғалым Алматы мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас дәріхана басқармасын басқарды.

Профессор 150-ден астам ғылыми еңбек жазып, оның жетекшілігімен және ғылыми кеңесшілігімен 24 ғылым кандидаты мен 3 фармацевтика ғылымдарының докторы даярланды.

Университет ұжымы ғалымның туған-туыстарына, жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне қайғыра көңіл айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары