«Жер алуға көмектесемін»: Жас жігіт таныстарынан 10 млн теңге алып, алдап кеткен

/
«Жер алуға көмектесемін»: Жас жігіт таныстарынан 10 млн теңге алып, алдап кеткен
istockphoto.com

Полиция қызметкерлері әкімдіктен шағын бизнес жүргізу үшін жер алуға көмектесемін деп елді алдаған 35 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, ер адам азаматтарды алдап, таныстары арқылы жер телімдерін бөлу үдерісін жеделдетіп бере алатынына сендірген. Қолма-қол ақша алғаннан кейін ол байланысқа шықпай кеткен. Жәбірленушілердің бірі – күдіктінің көршісі, оған да сенімді қарым-қатынасты пайдаланып, жер мәселесін шешуге көмектесемін деп уәде берген.

Қазіргі таңда алаяқтықтың үш дерегі тіркелген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 10 миллион теңгеден асады. Күдікті басқа өңірде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияда жер телімдерін рәсімдеу және кез келген мемлекеттік қызметтер заңда белгіленген тәртіппен ғана көрсетілетінін еске салды. Азаматтарды ақшалай сыйақы үшін осындай «көмек» ұсынатын немесе мемлекеттік органдардағы жалған байланыстарға сілтеме жасайтын адамдарға сенбеуге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары