«Ал Forbes-ке шықтым»: Дариға Бадықова қуанышын бөлісті

/
«Ал Forbes-ке шықтым»: Дариға Бадықова қуанышын бөлісті

Белгілі актриса Дариға Бадықова Forbes журналына шыққанын қуана хабарлап, көпшіліктен құттықтау күткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұл жаңалықты әлеуметтік желіде бөлісті.

«Ал Forbes-ке шықтым құттықтап қойсаңыздар болады, еңбегім ғой. Бірақ, ішімде де, сыртымда да, өзгеріс жоқ. Фотоға түскенде де, курица болғым келген жоқ. Кеше біреу айтады “балконнан шампанский атып жұртты жинамадың ба?" деп. Бір қалыпты жағдай менде сол.  Неге былай екен деп сұрақ қойдым маман иесіне, ішкі тыныштық, қысымсыз көп нәрсені асыра уайымдамайтын еркін адам екенмін. Расында қазбалық жоқ менде”, – деп жазды актриса.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары