"Қайғыдан шоу жасамаңыздар": Марқұм фельдшердің жары көпшілікке қатаң ескерту жасады

/
"Қайғыдан шоу жасамаңыздар": Марқұм фельдшердің жары көпшілікке қатаң ескерту жасады

Марқұм болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Зейнет Әділет әлеуметтік желідегі белсенділерге үндеу жариялады. Ол жарының қазасын пайдаланып, арзан ұпай жинауға тырысқандарды сынға алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаралы отбасының айтуынша, кейбір желі қолданушылары марқұмның суреттерін жариялап, жасанды жанашырлық таныту арқылы "хайп" қуып жүр. Зейнет Әділет мұндай әрекеттердің адамгершілікке жатпайтынын айтып, қайғылы жағдайды құрметтеуге шақырды.

"Марқұм әйелім – хайп үшін пайдаланатын нысан емес. Онымен жақын болғандай жазбаға суреттерін жүктеуді тоқтатыңыздар. Лайк жинау немесе жасанды жанашырлық көрсету үшін оның есімін қолдануға сіздердің моральдық құқықтарыңыз жоқ. Біздің қайғымызды, оның қадір-қасиетін және отбасымызды құрметтеңіздер. Тоқтаңыздар. Оны шынымен танып, шын жүректен жақсы көрген жандар ғана оның бейнесін жүрегінде сақтасын, жасанды жазбаларда емес. Бұл сөзім бөгде адамдарға да, кейбір туыстарға да қатысты. Біреудің қасіретін шоуға айналдырмаңыздар", - деп жазған Зейнет Әділет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары