Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келінінің 400 мың теңгеге сатып алған картинасын сынға алды (ВИДЕО)

/
Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келінінің 400 мың теңгеге сатып алған картинасын сынға алды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Ақын әрі психолог Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келінінің үйіне қонаққа барып, 400 мың теңгеге сатып алынған картинаны сынға алды. Өнер иесі суреттің құнын ақтамайтынын айтып, өз пікірін әзілмен жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айнұр Тұрсынбаева бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында айтты.

Оның сөзінше, келіні Мадина қонақтарға арнап балық дайындаған. Алайда үйдегі картина ақынның назарын аударған. Ол туындының 400 мың теңгеге сатып алынғанын естіп, таңданысын жасырмады.

«Мына картинаны 400 мың теңгеге сатып алыпты. Қараңыздаршы, мен мұны тегін-ақ салып беремін ғой. Ортадан бір сызық сыза салған. Мынау не пәле? Өрескел! Мынау қап-қара кір ғой. Қай жерден тау көріп тұрсың? Бұл менің екі алып жүргенде сурет сабағында салған тауларым ғой. Беглан, біртүрлісің. Жалғыз мен бе өнерді түсінбейтін?» – деді ол.

Ақынның бұл пікірі желі қолданушыларының назарын аударды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары