Цукерберг OpenAI мамандарын өзіне тарту үшін оларға сорпа әзірлеп әкеліп жүрген

/
Цукерберг OpenAI мамандарын өзіне тарту үшін оларға сорпа әзірлеп әкеліп жүрген
сурет: ebaumsworld.com

Meta басшысы Марк Цукерберг OpenAI мамандарын өз компаниясына тарту үшін тіпті тосын қадамдар жасаған. Бұл туралы OpenAI-дың бас зерттеу директоры Марк Чен Core Memory подкастында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz businessinsider.com-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Цукерберг Meta-ға ауысуға үгіттеп жүрген OpenAI қызметкерлерінің біріне арнайы өзі үйде пісірген сорпаны өз қолымен апарып берген.

«Уақыт өте бұл бәсеке қалай күшейіп бара жатқанын көру қызық. Мысалы, Зук кейбір біздің қызметкерлерге өз қолымен сорпа әкеліп берген жағдайлар болды», – деді Чен.

Бұған дейін, маусым айында, Цукерберг OpenAI инженерлеріне 100 млн доллар көлемінде ұсыныс жасаған, бірақ ешкім келіспеген. Дегенмен кейін ChatGPT жасаушыларының бірі Meta-ға ауысқан.

Ченнің айтуынша, OpenAI мамандарына бағытталған «аңду» бәсекенің қаншалықты қызғанын көрсетеді.

«Бізге ылғи "шабуыл" жасалады. Бұл – біздің алда екеніміздің белгісі. Жаңа компаниялар ашылса, ең алдымен қайдан қызметкер тартқысы келеді? OpenAI-дан. Оларға біздің тәжірибе, көзқарас, философия және осы жерден шыққан жұлдыз зерттеушілер керек», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары