Таразда апелляциялық сот 12 жастағы қызды зорлаған үш жасөспірімнің жазасын күшейтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жасөспірімдерге үкім шілдеде шыққан. Оларды Қылмыстық кодекстің 120, 121-бабы бойынша кінәлі деп танып, әрқайсын 7 жыл 8 айға бас бостандығынан айырған.
Жақында апелляциялық сот үкімді қайта қарады. Сотталушылардың әрқайсына тағы 2 жыл 4 ай мерзім қосылды. Олар 18 жасқа дейін жазасын балалар абақтысында өтейді.
Айта кетейік, көрші ұлдар қыз баланы бірнеше рет зорлап, ол істерін видеоға түсірген. Ол кезде жасөспірімдердің жасы 14-16 жаста болған.
Сот процесі 7 айға созылған.