Аялдамада автобус жүргізушісінің жағын сындырған жолаушы жазадан құтылып кетті

/
Аялдамада автобус жүргізушісінің жағын сындырған жолаушы жазадан құтылып кетті
istockphoto.com

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы А. 2025 жылғы 12 маусымында Шымкент қаласының «Бекжан» аялдамасында №52 автобустан жол ақысын төлемей түсіп бара жатқан сәтте, оған автобус жүргізушісі, яғни жәбірленуші Ж.-нің жол ақысын төлеуді айтқан. Сотталушы осы сөздерге ашуланып, жол ақысын төлеп, әрі қарай жәбірленушіге балағат сөз сөйлеп, сыртта сөйлесуге шақырған. Содан, жәбірленуші автобустан түсіп, аялдамада сотталушымен сөйлесуге шыққан кезде, сотталушы жәбірленушінің сол жақ тұсынан соққы жасап, абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Прокурор сотталушыны ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, ҚК-нiң 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотталушы мен жәбірленуші татуласуына байланысты, сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Сот, сотталушы А.-ны ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, ҚК-нiң 68-бабы 1-бөлігі қолданып, оны жәбірленушімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары