Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Италиядағы турнирде қола медаль иеленді

/
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Италиядағы турнирде қола медаль иеленді
olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшылары Сарвиноз Миркадирова мен Ескендір Харки Италияның Парма қаласында өткен халықаралық WTT Feeder Parma турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшылар аралас жұптық сын бойынша қола медаль жеңіп алды.

1/8 финал

Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Нандан Нареш / Лилу Массарт (АҚШ/Бельгия) - 3:2.

Ширек финал

Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Хармит Десаи / Криттвика Рой (Үндістан) - 3:2.

Жартылай финал

Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Чо Сынмин / Ю Сиу (Корея) - 0:3.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары