Непалда жабайы піл әйелді таптап өлтірді

/
Непалда жабайы піл әйелді таптап өлтірді

Непалдың 45 жастағы тұрғыны Дхана Бистаның Бхимдатта муниципалитетіндегі үйіне Шуклапханта ұлттық паркінің жабайы пілі кіріп кетіп, шабуыл жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция дерегінше, жануар үйдің қабырғасын бұзып кіріп, әйел қашып құтылмақ болғанда оны таптап кеткен. Отбасының басқа мүшелері ашулы пілден қашып үлгерген.

Бұған дейін хабарланғандай, тек Шри-Ланканың өзінде 2025 жылдың тоғыз айында пілдермен қақтығыс салдарынан 113 адам қаза тапқан. Үндістанда жыл сайын кемінде 500 адам осындай жағдайлардың құрбаны болады. Сарапшылар жануарлардың адамдарға шабуыл жасауының себептеріне «мекендеу ортасының тозуы, табиғи жем-шөп қорының азаюы және оларды қорғау шаралары салдарынан жабайы жануарлар санының көбеюі» әсер етіп отырғанын айтады.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары