28 қарашадан бастап полиция жол жиегінде көлік тоқтатуға қайта рұқсат алады

/
28 қарашадан бастап полиция жол жиегінде көлік тоқтатуға қайта рұқсат алады
istockphoto.com

Казақстандағы полиция 2013 жылдан бері ереже бұзғандарды тоқтап тұрып емес, жолда жүріп қадағалайды. Бұл патрульдеу тәртібі әлі өзгермеді. Дегенмен биыл 28 қарашадан бастап ІІМ қабылдаған Полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулыққа өзгеріс енеді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Осы күннен бастап тәртіп сақшылары қызметтік көлікпен, мотоциклмен немесе жаяу жүріп қана емес, арнайы машинаға арналған жерде тұрып жол ережесіне бағынбағандарды тоқтата алады.

Полиция бұрынғыдай патруль көлігін белгіленген жерге қойып, автомобиль тоқтатады. Мұндай тәжірибе он жылдан астам уақыт бұрын болған.

Нұсқаулықта полиция мынадай жағдайларда жүргізушінің көліктен түсуін талап ете алады:

  • жүргізуші мас және (немесе) қатты шаршаңқы көрінсе;
  • тінту, көлікті немесе жүктi тексеру қажет болса (куәгерлердің қатысуымен тексеру актісін толтыру және т.б.);
  • көлік агрегаттары мен тораптарының нөмірін тіркеу құжатындағы деректермен салыстыру керек болса;
  • жүргізушінің іс жүргізуге немесе басқа жол қозғалысына қатысушыларға не полицияға көмегі қажет болса;
  • көліктегі техникалық ақауды немесе жүк тасымалдау кезіндегі кемшілікті жою қажет болса;
  • жүргізуші қызметкердің жеке қауіпсіздігіне қатер төндірсе.

Өз құқығыңызды біліп жүріңіз және біреу оны бұзды деп есептесеңіз, ІІМ басшыларына шағымданыңыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары