38 жастағы ер адам TikTok тікелей эфирінде балағат сөздер айтқаны үшін жазаланды

/
38 жастағы ер адам TikTok тікелей эфирінде балағат сөздер айтқаны үшін жазаланды

1987 жылы туған ер адам кафеде болып, TikTok-та тікелей эфир жүргізген. Сол кезде ол әдепсіз сөздер қолданған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Әзербайжан елінің Нахчыван өңіріне қарасыт Ордубад ауданында болған.

Оған аталған елдің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі 510-бабына (ұсақ бұзақылық) сәйкес айып тағылды.

Айыпталушы өз кінәсін мойындап, эфир кезінде оған танысы қоңырау шалғанын айтқан.

 "Ол маған әзілдеді. Мен мас күйде болдым және тікелей эфир жүргізіп жатқанымды ұмытып кеттім. Әзіл ретінде әдепсіз сөздер қолдандым. Өз әрекетіме шын жүректен өкінемін", - деді азамат.

Ордубад аудандық сотының шешімімен кінәліге 70 манат мөлшерінде айыппұл салынған. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары