Жамбыл облысында ауыл тұрғындарды қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілді

/
Жамбыл облысында ауыл тұрғындарды қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілді
istockphoto.com

Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Қараой ауылында қайтарылған активтердің есебінен салынған ауыз су нысанының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс прокуроры Берік Әбілов, аудан әкімі, қоғамдық өкілдер, ауыл ақсақалдары мен құрметті тұрғындар қатысты.

Айта кетейік, ауыл тұрғындары 90 жыл ішінде алғаш рет сапалы ауыз суды орталықтандырылған жүйе арқылы алатын болады.

Қараша айынан бастап нысан пайдалануға берілді, бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және олардың маңызды әлеуметтік мәселелерінің бірін шешуге бағытталған маңызды қадам болды.

Ауыл тұрғындары мемлекеттік органдарға және жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барлық тұлғаларға алғыс білдіріп, атқарылған жұмыстың ауылдың тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Бүгінгі күні Үкімет денсаулық сақтау, білім беру, спорт және сумен жабдықтау салаларында 420-дан астам әлеуметтік маңызы бар жобаны қаржыландыруды мақұлдағанын атап өткен жөн.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары