Ақтөбеде «Алтын орда» бой көтереді

Ақтөбеде «Алтын орда» бой көтереді

Ақтөбеде ауқымды үш ірі жоба – облыстық драма театр, стадион және спорт кешенінің құрылысы басталды. 
Бұл жобалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Аталған нысандар облыс орталы­ғын­­дағы Алтын Орда шағын ауданында ор­­на­ла­сатын «Алтын орда» әлеуметтік-іс­керлік ор­­талығының аумағына кіреді. Бұл ор­та­лық қаланың сәулеттік кел­бе­тіне көрік бе­ріп қана қоймай, өңір тұр­­ғындары мен қо­нақтары үшін тарт­ым­ды орынға айнал­мақ.
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бе­­кет­­тің айтуынша, орталықтың жалпы ау­­ма­ғы – 165,8 гектар және ол өңірдің мә­дениет, спорт және қоғамдық өмірін жан-жақты да­мытуға бағытталған.
– Орталық құрамында 700 орындық об­­лыстық драма театры, 34 980 көрер­мен­ге ар­налған стадион, 5 мың орын­дық көп­функ­ционалды спорт кешені, сондай-ақ қо­нақүйлер, сауда және ойын-сауық ор­та­лық­тары, білім беру ме­кемелері мен Қа­зақ­стан картасының пі­шінін бейнелейтін «Ал­тын орда» сая­бағы салынады, – деді Аза­мат Бекет.
Барлық нысан өзара үйлесімді түрде бі­ріктіріледі. Орталық айналасында де­­­­ма­лыс­та серуендеуге арналған абат­тан­­дырыл­ған аймақтар жасалып, тұр­ғын­дары үшін қо­лайлы және тартымды орта қалыптасады.
«Алтын орда» әлеуметтік-іскерлік ор­та­лы­ғы туристік кластер ретінде қа­рас­­­ты­ры­лып отыр, мұнда барлық әлеу­мет­тік нысан орналасады. 59 гектар ау­­­мақта саябақ са­лы­нып, қонақүйлер, сау­да үйлері және бас­қа да коммер­ция­лық нысандар үшін жер телімдері ар­найы комиссия арқылы бө­лінеді, бұл ау­мақтың инвестициялық тар­тымды­лығын арттырады.
– Жер телімінің аумағы мен орна­ласуы біз үшін өте тиімді. Егер нысандар қа­ладан тыс салынса, логистика мен шы­ғын жағы­нан қиындықтар туар еді. Ал қазір құрылыс жүріп жатқан жер – қа­ланың дәл ортасын­да, қарқынды да­мып келе жатқан «Алтын орда» ша­ғын ауданында орналасқан. Бұл өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті инф­ра­­құрылым бар және бұл орын стадион са­луға да, оның айналасында бизнесті да­­мы­туға да қолайлы. Жалпы аумақ ша­мамен 180 гектарды құрайды, оның бір бөлігі ин­женерлік инфрақұрылымға, ал қалған 168 гектары әлеуметтік және ком­мер­ция­лық нысандарға бөлінеді, – деді Ақтөбе об­лы­сының әкімі Асхат Шахаров.
Облыстық құрылыс басқар­ма­сының бас­­шысы Ержан Мұздыбаевтың ай­туынша, ор­талық аумағында үш ірі ны­сан – облыс­тық драма театры, көп­функ­ционалды спорт кешені және фут­бол стадионының құры­лысы қар­қын­ды жүріп жатыр. Барлық жұ­мыс бе­кітілген кестеге сәйкес атқарылу­-
да.
Жаңа драма театры 700 орынға шақ­­тал­ған. Құрылыс жұмыстары қазан айында бас­талды. Дайындық және бе­тон құю жұ­мыстары аяқталып, іргесінің қаңқасы қа­лыптанып жатыр. Ал 5 мың көрерменге ар­налған көпфунк­цио­нал­ды спорт кешені 6,1 гектар аумақта бой көтереді. Нысан ау­мағы толық қор­ша­лып, алаңды дайындау жә­не іргетасқа арналған шұңқыр қазу жұ­мыстары жүр­гізілуде.
34 980 орындық футбол стадионына 25 гек­тар аумақ берілген. Қазір аумақ­тың қор­шауы аяқталып, құрылысқа дайындық жұ­мыстары жалғасуда.
Өңір басшысы жобалық-сметалық құ­­жат­тама дайын екенін де атап өтті. 
– Ақтөбеге заманауи үлкен стадион ке­рек. Мұнда балалар мен жастардың спорт­пен айналысуына барлық жағдай жа­­салады. Алдағы жылдары облыс ор­та­­лығында болашақ чемпиондар жат­тығатын заманауи спорт аренасы пайда болады, – де­ді Асхат Шахаров.

Данагүл ҚАЗИХАН, 
Ақтөбе облысы

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары