Алматыда студенттің жұмбақ өліміне қатысты тергеу басталды

/
Алматыда студенттің жұмбақ өліміне қатысты тергеу басталды
istockphoto

Алматы полициясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студентінің қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қайғылы оқиға 6 қараша күні кешке студенттер қалашығының аумағында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Белгілі болғандай, марқұм журналистика факультетінде оқыған. Ол білім алу үшін Шымкенттен Алматыға келген.

Ал студенттер арасында оқиғаның себептері туралы түрлі болжам айтылып жатыр. Соның ішінде өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген нұсқа да талқылануда. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар