Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация туралы пікір білдірді.
«Бұл құжаттың тарихи мәні зор. Халықтарымыз арасындағы мызғымас өзара сенім мен ынтымақтастықтың келешегі кемел екенін көрсетеді.
Осы орайда екіжақты байланысты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Владимир Владимирович Путинге шынайы ризашылығымды білдіремін.
Қазақстандықтар Ресей Президентін жаһандық ауқымдағы мемлекет қайраткері деп біледі әрі құрметтейді. Оның есімі әлемге жақсы мәлім және қазіргі алмағайып заманда орыс халқы мен Ресей мемлекетінің мүддесін қорғау ісінде сенім мен қажымас қайраттың символы ретінде қабылданады.
Қазақстан Ресей Федерациясының өркендеуіне шын мәнінде мүдделі. Бүгінгі келіссөздер нәтижесін жоғары бағалаймын. Кездесуіміз ашық әрі сенімді рәуіште өтті және нақты пайдасын берді», – деді Мемлекет басшысы Ресей президентімен бұқаралық ақпарат құралдарына бірлесіп өткізген мәлімдемеcінде.