Президенттің ұшағын шекарадан Ресейдің Су-35 ұшақтары қарсы алды (ВИДЕО)

/
Президенттің ұшағын шекарадан Ресейдің Су-35 ұшақтары қарсы алды (ВИДЕО)
Ақорда

Ресейдің әуе кеңістігінде Мемлекет басшысының бортын ресейлік Су-35 ұшақтары қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызмті мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Президент 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратыны хабарланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары