Қыста шаш таза әрі ұқыпты болуы үшін стилист қарапайым кеңес берді. Оның айтуынша, басты қателік – шашты тым жиі жуу. Бұл бас терісін құрғатып, шашты әлсіретеді. Оның орнына әр күнге жеке бас киім киюге болады. Стилист бұл туралы ресейлік «Радио 1» арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бас киім бір-екі күнде-ақ тер, шаң және шашқа жағылған майлардың иісі мен қалдығын өзіне сіңіріп алады. Сол себепті кемінде бес түрлі бас киім болғаны дұрыс. Апта соңында бәрін жуып, келесі аптаны таза бас киім киіп бастаңыз».
Стилист қыста шаштың ылғалын сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Себебі суық ауа мен үйдегі құрғақ жылу шашты тез құрғатып, сынғыш етеді. Ол үшін шашқа арналған қоректік майлар мен ылғалдандыратын маскаларды қолдануға кеңес береді.
Ал медицина ғылымдарының докторы Аржана Бычкованың айтуынша, қыста бас терісі де ерекше күтімді қажет етеді. Оның пікірінше, құрамында экзосома, декспантенол, ниацинамид, жұмсақ AHA және BHA қышқылдары, сондай-ақ алтын немесе минерал нанобөлшектері бар өнімдер ең тиімді. Мұндай құралдар шашты терең тазартып қана қоймай, оны суықтың әсерінен қорғайды және табиғи жылтыр қалпына келтіреді.