Абай облысының бюджеті екі есеге артты – Берік Уәли

/
Абай облысының бюджеті екі есеге артты – Берік Уәли

Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң өсімі сақталды, деп хабарлайды turkystan.kz 

Көлік саласында 123,4%, байланыста – 106,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 101,3%, ішкі саудада – 105,9%, ауыл шаруашылығында – 102,8%, инвестицияда – 103,1% өсім тіркелді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір әкімі Берік Уәли хабарлады. Оның айтуынша, 2025 жылдың 10 айында мемлекеттік бюджетке облыстан 137,3% өсіммен 441,4 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті.

«Облыс құрылғанда бюджет көлемі 251,3 млрд теңге болса, қазір 2 есеге өсіп, биыл 500,9 млрд теңгені құрады. Бюджеттің 45,4%-ы немесе 227,3 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары