Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліс тапты.
Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финал жолдамасы үшін өткен белдесуде Иран өкілі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Паям Ахмадиге 7:1 есебімен есе жіберді.
Енді Исхар 25 қазанда әлем чемпионатының қола медалі үшін бозкілемге шығады.