Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

/
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды
istockphoto

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды.

Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финал жолдамасы үшін Жапония өкілі Кото Гомимен белдесіп, қарсыласына 5:1 есебімен есе жіберді.

Енді Айдос 25 қазанда әлем чемпионатының қола медалі үшін бозкілемге шығады.

Айта кетейік, бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар